Түркістаннан келген Павлодар би ұжымы салтанатты түрде оралды. Онда Республикалық хореографиялық фестиваль өтті. Павлодар облысының атынан Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы бейіндік мектебінің 3 - 5 сыныптардың 11 оқушысынан тұратын би ұжымы қатысты. Халықаралық байқау-фестиваліне Қырғызстан, Татарстан және Қазақстан қалаларының ұжымдары қатысты.
Тұғырдағы барлық орындар - бас жүлде, бірінші және екінші орындарды Павлодардан келген жас дарындар иеленді. Олар би нөмірлерінің әрқайсысын, тіпті ең кішкентай бөлшектерін мұқият ойластырып, қойылымға дайындалды. Жас бишілер кубоктармен, медальдармен, атаулы грамоталармен және 2024 жылғы тамызда Ташкент қаласында өтетін халықаралық фестивальге тегін қатысуға жолдамамен марапатталды.
- Біз екі халық биін ұсындық, біреуі эстрадалық: «Ақ мысық», қазылар алқасында өз ісінің мамандары отырды, бізге бәрі ұнады. Біз Ташкентке баруды, және тек осы қыздарға ғана емес, жасы кішірек құрамды да апаруды жоспарлап отырмыз. Ұжым бұрынғыдан да ынталы. Сондықтан бүгін біз кезекті сахнаны бағындырып, жаңа жарқын нөмірлер дайындауды жоспарлап отырмыз, - дейді мектеп хореографи, Олеся Мельнова.
Мектепте экологиялық, тілдік, математикалық, вокалдық, би, домбыра үйірмелері, туризм, волейбол, баскетбол, футбол, күрес бойынша спорт секциялары жұмыс істейді. Көптеген балалар зияткерлік ойындарға қызығушылық танытады: тоғызқұмалақ, шахмат. 1-11 сынып оқушыларының 1350 - ден астамы оқудан тыс және қызығушылықтары бойынша бос уақытпен қамтылған.