Меню KDT

logo.jpg?_=1711434303

Коммунальное государственное учреждение «Детская техническая школа» отдела образования города Павлодара, управления образования Павлодарской области
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Инклюзия бойынша қала мектебінің жұмыс тәжірибесі

    Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Кенжекөл орта мектебінде «Мектептің инклюзивті білім беру кеңістігінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуға жағдай жасау, инклюзивті білім беруді іске асырудың жаңа тәсілдері» атты қалалық семинар-практикумын өткізді. 60-тан астам пән мұғалімдері, бастауыш сыныптар, логопедтер, педагог-психологтар, қала мектептерінің педагог-ассистенттері қатысты.

    Семинардың жалпы бөлімінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Сәменқызы Нұрахметова, А. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Жоғары педагогика мектебінің оқытушы-сарапшысы Ахметова Асем Еркеновна, Кенжекөл орта мектебі директорының орынбасары Джагопарова Евгения Мукатаевна сөз сойледі.

    Семинардың практикалық бөлімінде семинарға қатысушыларға оқу-материалдық база, Кенжекөл орта мектебі педагогтарының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Инклюзивті сыныптарда өткізген тарих мұғалімі Кульжанов Гамал Каиргельдиновичті, ағылшын тіл мұғалімі Сулекеева Даурена Куанышевичті, физика пәні мұғалімдер Мигаль Евгения Ивановна және Калиаскаров Алибек Жумажановичтің ашық сабақтарына қатысты.

    Педагог-психолог және мұғалім-логопед Уәлиева Альбина Бауыржанқызы, Александра Светлана Валерьевна жұмыс тәжірибелері ұсынылған. Морозова Ольга Николаевна, биология пәнінің мұғалімі "Қазіргі заманғы мектеп жағдайындағы инклюзивті білім беру. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке қызмет түрлерін және жеке және бейімделген даму бағдарламаларын қолдану» атты коучинг-тренинг өткізді.

    Семинарға қатысушылар заманауи инклюзияны қолдау кабинетінде болды. Семинар материалдары қала мектептеріне жіберілді.

    04.04.2024
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки